Accessibility links

20 сәуір - Францияда сайлау алды насихаттың соңғы күні


20 сәуір - Францияда президенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат науқанының соңғы күні.

22 сәуірде болатын сайлауға барлығы он үміткер түседі. Бірақ екінші кезеңге оның тек екеуі ғана өтпек.

Сайлауалды сауалнаманың нәтижелеріне қарағанда, басты үміткер - бесеу. Олар - келесі кезеңге шығуға мүмкіндігі бар қазіргі президент Николя Саркози мен социалист Франсуа Олланд және оңшыл Ұлттық майдан партиясының жетекшісі Марин Ле Пен, әсіре оңшыл күштердің өкілі Жан Люк Меланшон, центрист Франсуа Байру.

Бірақ сарапшылар дауыс беруге сайлаушылардың үштен бірі қатыспауы мүмкін дейді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG