Accessibility links

Шетпе сотында адвокатқа айып тағылды


Қорғаушы Сәулебай Санысызбайұлы. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.

Қорғаушы Сәулебай Санысызбайұлы. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.

Шетпедегі оқиғаларға қатысты өтіп жатқан сотта Сәулебай Сансызбайұлы деген адвокатты "полицияны балағаттады" деген айыппен сот залынан алып кетті. Бұл туралы Азаттық тілшісіне оның өзі хабарлады.

Сансызбайұлының айтуынша, 20 сәуірде кезекті сот отырысына қатысып жатқан жерінен оны төрт майор шеніндегі полицей мен қатардағы полиция қызметкерлері ішкі істер бөліміне алып кеткен. Онда адвокатқа түсініктеме жаздыртқан. "Полицияны балағаттағаның үшін" әкімшілік жауапқа тартатындарын айтып, хаттама толтырды" дейді Сансызбайұлы.

Бірақ адвокат полицияның айыбын жоққа шығарады. Оның айтуынша, 19 сәуірдегі сот отырысы біткенде оны соттағы айдауыл жігіттердің бірі залдан жылдам шығуын талап етіп, жағасынан алған. "Полицияның жағамнан алғанына жанымдағы бірнеше қорғаушы куә болды" дейді ол.

"Бұл менің екі сотта бірдей адвокаттық қызметімді атқаруыма кедергі жасау үшін жасап отырған соттың әрекеті" дейді Сәулебай Сансызбайұлы. Қазір ол сотқа қайта қатысып жатыр.

Енді адвокат өзін "балағаттады" деп шағымданған полицияның үстінен "қызмет бабын асыра пайдаланды" деп сотқа шағым түсіретінін айтады.
XS
SM
MD
LG