Accessibility links

ЕҚЫҰ Ахмедьяровқа қастандық жасалғанын айыптады


ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Дуня Миятович.

ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Дуня Миятович.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) оралдық "Уральская неделя" апталығының журналисі Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған қастандықты айыптап мәлімдеме жасады.

ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі бойынша өкілі Дуня Миятович журналиске жасалған шабуылға алаңдаушылық білдіріп, Қазақстан билігін оқиғаны дереу тексеруге шақырды.

Лұқпан Ахмедьяровқа 19 сәуір күні үйінің алдында қастандық жасалған еді. Белгісіз біреулер оны сегіз рет пышақтап, пневматикалық тапаншамен атып жаралаған болатын. Қазір журналист ауыр халде ауруханада жатыр.

"Қазақстан билігін жантүршігерлік шабуылға ерекше назар аударуға шақырамын. Оқиғаны дереу тексеріп, шабуыл оның кәсіби қызметімен байланысы бар-жоғын анықтау керек. Жауаптылар сотқа тартылуы тиіс" дейді Дуня Миятович.
XS
SM
MD
LG