Accessibility links

БҰҰ: Орталық Азияда халықтың денсаулығы нашарлауы мүмкін


БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы Орталық Азия мен Кавказда семіздік пен диета ұстаудан туатын аурулар аймақ халқының денсаулығына қатер төндіруі мүмкін деген болжам жасады.

Ұйым бұл туралы 19-20 сәуірде Бакуде (Әзірбайжан) өткен аймақтық конференцияда мәлімдеді. Жиында жасаған баяндамада ұйым бұл өзгерісті диетамен, өмір сүру салтымен және кедейлікпен байланыстырады. "Ұннан жасалатын тамақтардың орнына ет пен сүт тағамдарын көптеп қолдану болашақта жұқпалы емес, созылмалы аурулардың таралуына әкеп соғады" дейді ұйым.

Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы "Орталық Азия мен Кавказдағы аштық деңгейі 2030 жылға қарай тоғыздан екі пайызға дейін, ал 2050 жылға қарай бір пайызға дейін азаяды" деген де болжам айтады.
XS
SM
MD
LG