Accessibility links

HRW Ахмедьяровқа жасалған қастандықты тексеруге шақырды


Журналист Лұқпан Ахмедьяровты жедел жәрдем ауруханаға алып келді. Орал, 19 сәуір 2012 жыл.
Журналист Лұқпан Ахмедьяровты жедел жәрдем ауруханаға алып келді. Орал, 19 сәуір 2012 жыл.
Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін "Уральская неделя" газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған қастандықты тексеруге шақырды.

"Билік бұл жауыз қастандықты уақытты зая қылмай мұқият тексеріп, шабуыл жасағандарды тауып, сотқа тапсыруы керек" деді ұйымның Орталық Азия бойынша сарапшысы Михра Риттман.

HRW өкілінің пікірінше, Қазақстан билігі журналиске жасалған шабуылды тәуелсіз әрі толық зерттеп, "қастандық Ахмедьяровтың азаматтық көзқарасынан айныту үшін жасалды" деген болжамды да тексеруі керек.

«Уральская неделя» газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяровқа сәуірдің 19-ы түнде үйінің қасында қарулы қастандық жасап, сегіз рет пышақтап, травматикалық қарумен атып кеткен. Орал қаласындағы облыстық клиникалық ауруханасында операция жасалған журналист қазір есін жиып, өздігінен тыныс алып жатыр.

Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлімі, 96-бабының 1-бөлімі (қасақана адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлаған Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
XS
SM
MD
LG