Accessibility links

БҰҰ ҚК Сирия қарарына дауыс береді


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі (ҚК) Сирияға халықаралық бақылаушылар жіберуді қарастыратын қарар жобасына бүгін дауыс беруі керек деп хабарлайды CNN.

Кеңес мүшелері мақұлдаған қарарда БҰҰ мен Араб елдері лигасының арнайы өкілі Кофи Аннан ұсынған бейбіт келісімнің алты шартын шапшаң орындау керегі айтылған. Қарар мәтіні Батыс елдері мен Ресейдің ортақ көзқарасы тұрғысынан жазылған.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бұған дейін Сирияға 30 бақылаушы жіберуді мақұлдаған. Бұдан кейін Дамаскіге соғысты тоқтату ісін бақылайтын тағы үш жүздей бақылаушы бармақ.

Құқық қорғаушылардың дерегіне қарағанда, Сирияда жұма күнгі қақтығыстан 57 адам көз жұмған. Бұл деректі тәуелсіз ақпарат көздерінен анықтау мүмкін болмады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG