Accessibility links

Ресейде НАТО пунктіне қарсы шеру өтті


Ресейдің Ульяновск қаласында коммунистердің ұйымдастырумен, осы қала маңында НАТО өткізу пунктін салуға қарсы шеру өтті.

Азаттық радиосы Орыс қызметі тілшісінің айтуынша, шеруге үш мыңдай адам қатысты. Олардың арасында Ресей коммунистік партиясының (КПРФ) басшысы Геннадий Зюганов, «Левый Фронт» оппозициялық қозғалысының үйлестірушісі Сергей Удальцов бар.

Ресей билігінің айтуынша, Ульяновск маңында салынатын НАТО-ның өткізу пункті халықаралық күштердің Ауғанстаннан әскерін әкетуіне керек. Ал коммунистер өткізу пунктін "НАТО-ның базасы" деп атап, оны салу "ұлттық мүддеге қайшы екенін" айтады.
XS
SM
MD
LG