Accessibility links

Йеменнің оңтүстігінде "әл-Қаида" базасы бомбаланды


Йеменнің астанасы Сананың көрінісі. 10 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Йеменнің астанасы Сананың көрінісі. 10 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Йеменнің әскери күштері елдің оңтүстігіндегі "әл-Қаида" ұйымының базасына шабуыл жасады. Қорғаныс министрінің айтуынша, жұма күнгі екі әуе шабуылынан сегіз содыр қайтыс болып, он шақтысы жараланған.

Шабуыл жасалған Абьян уәлаятында бейсенбі күні қақтығыс болып, 32 содыр мен 2 үкімет әскері көз жұмған еді.

Бұл деректі жариялаған France-Presse агенттігі нақты қанша адамның мерт болғанын тәуелсіз ақпарат көздері арқылы анықтау мүмкін болмағанын айтады.

Йеменнің оңтүстігіндегі жағдай өткен жылы ушығып кеткен еді. Ол кезде үкіметке қарсы шерулер әсерінен биліктің ықпалы әлсірегенін пайдаланған "Әл-Қаиданың" бұл елдегі бөлімі Абьян уәлаятының көп бөлігіне билік жүргізе бастаған.
XS
SM
MD
LG