Accessibility links

Пәкістан апатқа авиакомпанияны кінәлады


Апатқа ұшыраған ұшақтың қалдығы. Пәкістан, 20 сәуір 2012 жыл.

Апатқа ұшыраған ұшақтың қалдығы. Пәкістан, 20 сәуір 2012 жыл.

Пәкістан үкіметі жұма күні Исламабад маңында апатқа ұшырап, бортындағы 127 адам түгел қаза тапқан «Боинг-737» ұшағының кінәратына авиа тасымалдаушы Bhoja Air компаниясы жауапты деп мәлімдеді.

Елдің ішкі істер министрі Рахман Малик авиакомпанияның мұнша ескі ұшақты сатып алғаны жөн болмағанын айтты. Министрдің айтуынша, компания иесінің апат себебі тексерілгенше Пәкістаннан кетуіне тыйым салынған.

Жұма күні Карачиден Исламабадқа бара жатқан ұшақ ел астанасындағы Беназир Бхутто әуежайына бірнеше шақырым қалғанда апатқа ұрынған.
XS
SM
MD
LG