Accessibility links

Тимошенко адвокатын шақыруды талап етті


Юлия Тимошенконың жақтастарының Харьков түрмесі маңындағы шарасы.19 сәуір 2012 жыл.

Юлия Тимошенконың жақтастарының Харьков түрмесі маңындағы шарасы.19 сәуір 2012 жыл.

Украинаның бұрынғы премьер-министрі, қазір Харьковтегі түрмеден ауруханаға жіберілген Юлия Тимошенко дәрігерлік тексеруден өтуден бас тартып, адвокаты Сергей Власенкомен кездестіруді талап етті.

Милиция Юлия Тимошенконың жақтастары мен қарсыластары жиналған аурухана маңындағы күзетті күшейтті.

Украина заң орындарының айтуынша, экс-премьер аурухана кестесіне сай тексеруден өткен соң ғана қорғаушысымен жолыға алады.

Тимошенко емделетін кезінде сот процесіне қатыспайды. Сот «Украинаның біртұтас қуат жүйесі» корпорациясындағы қаржылық алаяқтыққа байланысты, Тимошенкоға қатысты екінші істі 28 сәуірде қарауы керек.

Украин оппозиционерлері Юлия Тимошенконы ауруханаға күшпен апарды деп күдіктеніп, онымен кездестіруді талап етті. Бұрынғы премьер жеті жылдық жазасын өтеп жатқан түрме басшылығының айтуынша, тұтқын ауруханаға баруға ауызша келісім берген.
XS
SM
MD
LG