Accessibility links

Оңтүстік Судан әскері Хеглигтен кетті


Оңтүстік Суданның әскері өткен аптада Солтүстік Судан жасағымен қарулы қақтығыс болған Хетлиг ауданынан кетіп жатыр.

Оңтүстік Суданның ақпарат министрі Барнаба Мариал Бенжаминнің айтуынша, әскер үш күннің ішінде бұл қаладан шығып бітеді. Бұдан бұрын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен Африка Одағы Оңтүстік Судан әскерінің Хетлигтен кетуін талап еткен еді.

Мұнай қорына бай аймақта орналасқан Хетлиг қаласындағы жанжал 10 сәуірде басталған.

АҚШ президенті Барак Обама жұма күні Оңтүстік Судан мен Солтүстік Суданның президенттерін даулы мәселені бейбіт келіссөз арқылы шешуге шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG