Accessibility links

Францияда президент сайлауы өтіп жатыр


Франция президенттігіне кандидат Франсуа Олланд Бордо түбінде сайлаушылармен кездесіп тұр. 19 сәуір 2012 жыл

Франция президенттігіне кандидат Франсуа Олланд Бордо түбінде сайлаушылармен кездесіп тұр. 19 сәуір 2012 жыл


22 сәуір Францияда президент сайлауының бірінші айналымы басталды. Соңғы сауалнамаларға сәйкес социалистер партиясының жетекшісі Франсуа Олланд оңшыл кандидат, қазіргі президент Николя Саркозиден алда келеді.

Жексенбі күнгі сайлауда дауыс беру үшін 44 миллион адам тіркелген. Бірақ екі кандидат та жұмыссыздық сияқты негізгі мәселені шешу үшін жөнді ұсыныс айта алмады деп санайтын көптеген сайлаушылар дауыс бермейміз деп мәлімдеген.

Егер Олланд бірінші айналымда Саркозимен шамалас дауыс жинап, 6 мамыр күні өтетін екінші ақтық айналымда жеңіп шықса, онда ол 1995 жылы Франсуа Миттеран қызметтен кеткен уақыттан бергі президент болып сайланған бірінші социалист жетекшіге айналады.

Франция президенттігіне сайлаудың бірінші айналымына қатысты алғашқы нәтиже Гринвич уақыты бойынша кешкі сағат 18.00-де (Астана уақыты бойынша - 23.00) белгілі болады. Маусым айында Францияда парламент сайлауы өтпекші.
XS
SM
MD
LG