Accessibility links

Үндістан шайын ресми түрде ұлттық сусын деп атамақ


Шай ішіп тұрған үндістандық жұмысшылар. Көрнекі сурет

Шай ішіп тұрған үндістандық жұмысшылар. Көрнекі сурет

Үндістан үкіметінің ресми өкілдері үнді шайын ұлттық сусын деп жариялауды жоспарлап отырғанын жария етті.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 22 сәуірде Үндістанның жоспарлау комитетінің басшысы Монтек Сингх Ахлувалия 2013 жылғы 17 сәуір күні үнді шайына ұлттық сусын деген мәртебе беріледі деп мәлімдеген. Бұл дата әйгілі шай өндіруші Ассам провинциясында бірінші болып шай өсіріп сатқан жеке кәсіпкердің мерейтойымен тұспа-тұс келмекші.

Үндістан дүниежүзі бойынша шай өндіруден де, ішуден де Қытайдан кейін екінші орында тұрған ел. Үнді халқының 83 пайызы күнделікті сусыны ретінде шай ішеді. Шай әлемдегі судан кейінгі ең арзан сусын деп те саналады.
XS
SM
MD
LG