Accessibility links

Франциядағы сайлауда алғашқы кезең қорытындысы шықты


Францияның оппозициялық социалистік партиясының жетекшісі Франсуа Олланд.
Францияның оппозициялық социалистік партиясының жетекшісі Франсуа Олланд.
Францияда жексенбіде өткен президент сайлауының алғашқы айналымының ақтық нәтижесі бойынша социалистердің жетекшісі Франсуа Олланд сайлаушылардың 28,63 пайыз даусын жинап, алға шықты.

Елдің қазіргі президенті, оңшыл Николя Саркози 27,08 пайыз дауыс алған. Олланд пен Саркози енді 6 мамырда өтетін екінші айналымға шықты.

Олланд пен Саркозиден кейін Ұлттық майдан партиясының жетекшісі Марин Ле Пен 18 пайызбен үшінші орында келеді.

Дауыс беруге сайлаушылардың 80 пайызы қатысқан. Сайлауалды сауалнамада "сайлауға сайлаушылардың үштен бірі ғана қатысады" деген болжам жасалған.
XS
SM
MD
LG