Accessibility links

Шетпе сотында қорғаушыға қысым жасалып жатқанын айтты


Шетпе сотына қатысқан адвокат Нұрлыбай Ізмағамбетов. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.

Шетпе сотына қатысқан адвокат Нұрлыбай Ізмағамбетов. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.

Дүйсенбіде Ақтауда Шетпе станциясындағы 2011 жылғы 17 желтоқсандағы оқиғалар бойынша сот отырысы қайта жалғасты. Сот 17 сәуірде оралмандарды бейімдеу орталығында басталған болатын.

Сот басталар алдында қорғаушы Нұрлыбай Ізмағамбетов Азаттық тілшісіне қорғаушы Сәулебай Сансызбайұлына "қысым" жасалып жатқанын айтып, соған орай баспасөз жиынын өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Сәулебай Сансызбайұлын өткен жұма күні сот үстінде полиция алып кетіп, "полицияны балағаттағаны үшін" әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтқан болатын.

Сотқа 12 адам айыпталушы, 54 адам куәгер, 19 адам жәбірленуші ретінде тартылған. Жәбірленушілердің көпшілігі - полицейлер. Істі судья Бердібек Мырзабеков жүргізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG