Accessibility links

Ресей оппозициясы "миллиондар шеруін" өткізбек


Сергей Удальцов (ортада) баспасөз жиынында. Мәскеу, 17 сәуір 2012 жыл.

Сергей Удальцов (ортада) баспасөз жиынында. Мәскеу, 17 сәуір 2012 жыл.

Ресей оппозициясының белсенділері Мәскеу мэриясына 6 мамырда, Владимир Путиннің инаугурациясы қарсаңында "Миллиондар шеруін" өткізуге өтініш берді.

Оппозициялық "Солшыл майдан" қозғалысының үйлестірушісі Сергей Удальцовтың айтуынша, белсенділер Триумф алаңынан Тверь көшесінің бойымен Манеж алаңына дейін шерулетіп жүруді жоспарлап отыр. "Солшыл майдан" қозғалысы бұған дейін баспасөз жиынын өткізіп, "Миллиондар шеруіне" Ресейдің әр аймағынан 20 мыңға тарта адам келетінін айтқан.

Удальцовтың айтуынша, егер аталған бағыт бойынша шеру өткізуге рұқсат берілмесе, оппозиция ол жайында билікпен келіссөз жүргізуге дайын.
XS
SM
MD
LG