Accessibility links

Ұлыбританиядан келген қазақ Ахан Отыншы қайтыс болды


Ұлыбританиядан оралған қазақ Ахан Отыншы.

Ұлыбританиядан оралған қазақ Ахан Отыншы.

21 сәуірде Ұлыбританиядан оралған қазақ, Назарбаев университетінде дәріс беретін Ахан Отыншы қайтыс болды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Астана қалалық филиалының өкілі Маржан Теңізбаева хабарлады.

Ахан Отыншы Ұлыбританияда жоғары білім алып, сонда ғылыми жұмыстармен айналысқан. 2005 жылдан 2009 жылға дейін Лондондағы Қазақ мәдени орталығының төрағасы, Еуропадағы Қазақ қоғамдары федерациясы төрағасының орынбасары болған. 2009 жылы Қазақстанға келіп, Назарбаев университетінде сабақ береді.

Ахан Отыншы бұған дейін Азаттық радиосына Ұлыбританиядағы қазақтардың ана тілін меңгеруіне қатысты сұхбат берген болатын.
XS
SM
MD
LG