Accessibility links

HRW: Жаңаөзен соты тоқтатылуы керек


Human Rights Watch ұйымының логотипі. Көрнекі сурет.

Human Rights Watch ұйымының логотипі. Көрнекі сурет.

Human Rights Watch (HRW) адам құқықтарын қорғау ұйымы Қазақстан билігін Жаңаөзен оқиғасы бойынша сотты тоқтатуға шақырған мәлімдеме жасады.

"Араларында кәмелетке толмағандары да бар 37 айыпталушының көпшілігі сотта полицияның тергеу кезінде өздерін азаптап, қинағандарын, отбасыларына қысым жасағанын айтты. Оларға зорлық жасап, тұншықтырған. Бұл қылмыстық тергеу ісінің әділ жүргізілмегенін көрсететіндіктен сот процесі тоқтатылуы керек. Тергеу ісі қайта жүргізілуі керек" дейді ұйымның Орталық Азия бойынша өкілі Михра Риттман мәлімдемеде.

Ұйым тергеу кезінде айыпталушыларды жалған куәлік беру үшін азаптап, қинағаны жайында дәлелдері бар екенін айтады.

Жаңаөзендегі өткен жылдың 16 желтоқсанындағы оқиғалар бойынша сот процесі 27 наурызда басталған болатын.
XS
SM
MD
LG