Accessibility links

СІМ: Қазақстанда сирек тілдерді білетін дипломат жоқ


Қазақстанның сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов.

Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов дүйсенбіде Қазақстанда Азия мен Африка елдерінің сирек қолданылатын тілдерін меңгерген дипломат мамандар тапшы екенін мәлімдеді деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

"Мысалы, Малайзия мен Индонезияда - бахаса тілі қолданылады. Қазақстанда осы тілді, я болмаса суахили, амхар (Африка) тілдерін білетін бір де бір маман жоқ" деді Қазыханов үкімет отырысында.

Министр сондықтан "Болашақ" бағдарламасы бойынша дипломатиялық мамандарды, оның ішінде синхронды аудармашыларды дайындау туралы ұсыныс көтерді.
XS
SM
MD
LG