Accessibility links

"Әділет" партиясының басшысы сайланды


"Әділет" партиясының төрағасы болып Төлеген Сыдық сайланды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Наурыздың ортасында партияның бұрынғы төрағасы Мақсұт Нәрікбаев "саяси мәдениетке қарай қадам басып, партия басшылығына жастардың келуі үшін партия басшылығынан кеткен" болатын.

Нәрікбаев басшылықтан кеткен соң оның міндетін атқаруды орынбасары Төлеген Сыдыққа тапсырған.

"Әділет" партиясы қаңтарда өткен парламент сайлауына қатысып, ең аз көрсеткіш - 0.66 пайыз дауыс жинаған.
XS
SM
MD
LG