Accessibility links

Өзбекстан: Бала тууды шектейтін бағдарлама жоқ


Өзбекстан үкіметі "елде бала туу деңгейін бақылауда ұстау үшін әйелдердің бала тууын шектейтін құпия бағдарлама бар" деген ақпарды жоққа шығарды. Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, "Өзбекстанның отбасын жопарлауға арналған мемлекеттік бағдарламасы Орталық Азияға ғана емес, бүкіл әлемге үлгі етуге лайық".

Соңғы жылдары халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары мен батыстық ақпарат құралдары өзбек билігін әйелдерге күштеп стерилизация жасап, бала туу деңгейін бақылауда ұстауға тырысады деп айыптап келеді.

30 миллион халқы бар Өзбекстан - Орталық Азиядағы халық ең тығыз қоныстанған мемлекет.
XS
SM
MD
LG