Accessibility links

Чавес қайтыс болғаны туралы сыбысты жоққа шығарды


Венесуэла президенті Уго Чавес. Каракас, 11 сәуір 2012 жыл.

Венесуэла президенті Уго Чавес. Каракас, 11 сәуір 2012 жыл.

Венесуэла президенті Уго Чавес өзінің ауыр халде екені, тіпті қайтыс болғаны туралы түрлі қауесеттерді жоққа шығарды. Дүйсенбіде мемлекеттік VTV телеарнасынан сөйлеген Чавес жақында Кубада қатерлі ісікті емдеу үшін бірнеше рет радиациялық терапия алғаннан кейін елге оралатынын айтты.

Соңғы апталарда Уго Чавес жергілікті ақпарат құралдарынан көрінбей кеткен соң президенттің қайтыс болып кеткені туралы түрлі сыбыстар тараған.

Ол жақында Кубада тағы "бірнеше рет радиациялық терапиядан өтетіндіктен және таяп қалған президенттік сайлауға байланысты венесуэлалықтар өсек-аяңға үйрене беруі керек" деді.
XS
SM
MD
LG