Accessibility links

Украина оппозициясы сайлауда бірігеді


"Өзгерістер майданы" партиясының жетекшісі Арсений Яценюк.
"Өзгерістер майданы" партиясының жетекшісі Арсений Яценюк.
Украинаның оппозициялық алты партиясы қазанда өтетін парламент сайлауында президент Виктор Януковичтің партиясына қарсы тұру үшін бірігетінін мәлімдеді.

Алты партияның арасындағы ең қуаттылары - сотталған бұрынғы премьер Юлия Тимошенко басқаратын "Батъкивщина" партиясы, бұрынғы парламент спикері Арсений Яценюк жетекшілік ететін "Өзгерістер майданы" партиясы.

Украина парламенті - Жоғарғы Рададағы 450 депутаттық орынның жартысына партиялық тізім бойынша ұсынылған адамдар, жартысына өзін-өзі ұсынған үміткерлер сайланады.
XS
SM
MD
LG