Accessibility links

Голландия үкіметі отставкаға кетті


Нидерланд ханшайымы Беатрикс.

Нидерланд ханшайымы Беатрикс.

Нидерланд ханшайымы Беатрикс премьер-министр Марк Рюттенің коалициялық оңшыл центристік үкіметінің отставкасын қабылдады. Премьер отставкаға кету туралы өтінішін дүйсенбіде ханшайымның Гаагадағы сарайына барғанда табыс еткен.

Марк Рютте басқаратын "Еркіндік пен демократия үшін халықтық партиясы" парламентте оңшыл саясаткер Герт Вилдерс басқаратын "Еркіндік партиясының" қолдауына сүйенген.

Елдегі саяси дағдарыс өткен аптада "Еркіндік партиясы" үкіметтің бюджетті қысқарту жоспарын қолдаудан бас тартқаннан соң басталған.

Билеуші коалиция Еуропа Одағының талабы бойынша бюджеттік шығындарды 16 миллиард еуроға қысқартуды ұсынған болатын.
XS
SM
MD
LG