Accessibility links

Түркияда өзбек билігіне қарсы топ құрылды


Өзбекстанның халықтық қозғалысы мен Түркиядағы "Өзбектер бірлігі" қоғамы түрік және өзбек зиялыларынан құрылған "Еркін Өзбекстанға жәрдем" тобын құрды.

Топты құрғандар өздерінің мақсаты диктатура режиміне қарсы әрекет және елде болып жатқан жағдайдан көпшілікті хабардар ету екенін айтады.

23 сәуірде Стамбулда өткен арнайы жиынға 200-ге тарта өзбек және түрік зиялылары жиналды. Олар «Өзбекстан диктаторлықтан қалайша құтылуы мүмкін?» деген мәселені талқылады. Жиынға қатысқандардың бірі - Өзбекстан халық қозғалысы Түркия бөлімінің жетекшісі Әлибой Йуляхшиев жиын соңында мәлімдеме жарияланғанын хабарлады.

«Өзбекстандағы зұлымдық «Араб көктемі» болған елдердегі зұлымдықтан кем емес. Бұл туралы көп ешкім біле бермейді. Тіпті Түркия қоғамы да бұдан хабарсыз. Сондықтан Түркия баспасөзі арқылы жағдайды әлемге жеткізсек, бірігіп, ұйым құрсақ деген мақсатты көздедік. Нәтижесінде «Еркін Өзбекстанға жәрдем беру тобын» құрдық» дейді Әлибой Йуляхшиев.

Оның айтуынша, «Еркін Өзбекстанға жәрдем» тобының мүшелерінің көпшілігі - түрік зиялылары.
XS
SM
MD
LG