Accessibility links

AI: Еуропада мұсылмандар кемсітуге ұшырайды


Amnesty International ұйымының логотипі. Көрнекі сурет.
Amnesty International ұйымының логотипі. Көрнекі сурет.
"Амнести Интернэйшнл" (Amnesty International - AI) ұйымы сейсенбіде Еуропа елдеріндегі мұсылмандар жұмыс табу және білім алу мәселелерінде кемсітушіліктерге жиі ұшырайтынын айтып, баяндама жасады.

Баяндаманы дайындаған ұйым сарапшысы Марко Перолини Франция, Бельгия, Испания және Голландиядағы мұсылмандардың өмірлеріне талдау жасаған. Сарапшы бұл елдерде орамал таққан, я ислам шарттары бойынша жүріп-тұратын адамдардың діни наным мен дискриминацияға қарсы заңдардың дұрыс қолданылмауы себепті жұмысқа орналасу немесе білім алу кезінде кедергілерге ұшырайтынын айтады.

Оның айтуынша, Еуропада "мұсылмандар өздері бөлектеніп жүретіндіктен проблема туындайды" деген қасаң қағида қалыптасып кеткен.

"Амнести Интернэйшнл" Еуропа мемлекеттерінің үкіметтерін дискриминацияға қарсы Еуропа Одағының заңдарын күшіне ендіруге және мұсылмандарға қарсы теріс түсінікті жоюға шақырды.
XS
SM
MD
LG