Accessibility links

Сирияда қақтығыстар әлі жалғасып жатыр


Сирияның қақтығыс жүріп жатқан Идлиб аймағы. 20 сәуір 2012 жыл.

Сирияның қақтығыс жүріп жатқан Идлиб аймағы. 20 сәуір 2012 жыл.

Сирияның Хомс провинциясында сейсенбі таңертең үкімет әскері тағы да бірқатар аудандарды атқылады деп хабарлайды оқиғаға куә болғандарға сілтеме жасаған агенттіктер.

Қақтығыс елдің солтүстігіндегі көтерілісшілер бекінген Идлиб провинциясында да болған.

Ұрыс Сирияда билік пен көтерілісшілер уақытша бітімге келгеніне қарамастан жүріп жатыр. Құқық қорғаушылардың дерегіне қарағанда, дүйсенбіде елде 60 адам қаза тапқан. Оның 30-дан астамы - бейбіт тұрғындар.

Сирияға келген БҰҰ бақылаушылары таяуда ғана қақтығыстар болған Дамаскінің айналасын тексеріп жатыр.
XS
SM
MD
LG