Accessibility links

Сот гепатитке қатысты шағымды қарады


Гепатитпен ауырған Айбек анасы Алия Имановамен бірге.
Гепатитпен ауырған Айбек анасы Алия Имановамен бірге.
24 сәуірде Алматы қалалық сотында С гепатитін жұқтырған балалардың ата-аналарының республикалық қан құю орталығы мен педиатрия орталығын, денсаулық сақтау министрлігінің үстінен түсірген шағымдары қаралды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне шағым түсірген ата-ананың бірі Әлия Иманова хабарлады.

Ата-аналар соттан қос мекеме пен министрлікті балаларында С гепатиті вирусының пайда болуына тікелей кінәлі деп санап, жауапқа тартуды сұраған. Олар С гепатиті педиатрия орталығында балаларына қан орталығынан келген қанды құйғаннан пайда болды деп санайды.

Олар осындай талап арызбен бұған дейін Бостандық аудандық сотына шағымданған. Бірақ аудандық сот балаларға гепатиттің қан құю арқылы емес, тұрмыстық жағдайда жұғатынын алға тартып, олардың шағымын қанағаттандырмай тастаған. Қалалық сот та аудандық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

2010 жылдың соңында Алматыдағы педиатрия орталығында емделген лейкозбен ауыратын жүзден астам баладан С гепатиті вирусы табылған еді. Ата-аналардың шағымынан кейін осы орталықта тексеріс болып, ақырында "балалар бұл дертті стоматологиялық емханаларда жұқтырды" деген қорытынды жасалған. Бірақ ата-аналар бұған келіспейді.
XS
SM
MD
LG