Accessibility links

Полицей: Шетпеде атуға да, атпауға да бұйрық берілген жоқ


Шетпе соты өтіп жатқан ғимаратқа кіре берісте сотқа қатысушыны тексеріп жатқан полиция қызметкері. Ақтау, 23 сәуір 2012 жыл.

Шетпе соты өтіп жатқан ғимаратқа кіре берісте сотқа қатысушыны тексеріп жатқан полиция қызметкері. Ақтау, 23 сәуір 2012 жыл.

2011 жылдың 17 желтоқсанында Маңғыстау облысы Шетпе кентінде болған оқиғаға орай Ақтау қаласында өтіп жатқан сот мәжілісі әрі қарай жалғасты. Түске дейінгі сот мәжілісінде сот төрағасы «Қазатомөнеркәсібі» компаниясына қарасты мекеменің өз талап-арызынан бас тартатындығы туралы хатын оқып берді. Ал Маңғыстау теміржол бөлімшесі шығындарын қайт есептеп әкеліп, талап-арызының сотта қаралуын сұрады. Онан кейін Жамбыл облыстық ішкі істер департаментіне қарасты полиция қызметкерлері куәгер ретінде сұраққа алынды.

Сот мәжілісі кезінде айыпталушы Нұрболат Сабырбаев алдын ала тергеу кезінде «зорлық-зомбылық көрсетілгенін» айтып, бұрынғы жауабынан бас тартатынын тағы да қайталады. Сонымен қатар тағы да бірнеше айыпталушы куәлік етуге келген полицияларды танығандарын, тергеу кезінде «ұрып-соғып, қинағандарын» айтты.

Бүгінгі сот мәжілісіне Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, Шетпе кентіне өз облысынан келген полиция күштерін басқарып келген Талғат Жүнісқалиев те куәлік берді. Айыпталушылардың екеуін танығанын айтқан ол «атуға да, атпауға да ешкім бұйрық берген жоқ» деді. Айыпталушылардың кейбірі оның қақтығыс кезінде сөйлеген «сөздерін» еске салды. Алайда Талғат Жүнісқалиев ондай сөздер айтылмағанын ескертті.
XS
SM
MD
LG