Accessibility links

Тимошенко аштық жариялады


Украинаның жеті жылға сотталған бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко аштық жариялады. Журналистермен кездескен оның қорғаушысы Сергей Власенконың айтуынша, Тимошенко аштық жариялауды 20 сәуірде бастаған.

Қорғаушы оның денесі мен қолында Харьковтің орталық ауруханасына күштеп ауыстырған кезде пайда болған гематома (қан тамырларындағы ісік) белгілері барын да айтады.

Власенконың айтуынша, Юлия Тимошенконың жағдайы ауыр, төсектен тұра алмайды. Ол Тимошенко аштықты Украина түрмелеріндегі заңсыздық пен елдегі жағдайға наразылық ретінде жариялағанын айтады.

Өткен жылдың қазанында Юлия Тимошенкоға "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айып тағылып, жеті жылға сотталған болатын. Бірақ ол өзінің саяси бәсекелесі - президент Виктор Януковичтің қудалауына ұшырап отырғанын айтады.
XS
SM
MD
LG