Accessibility links

Путин партия басшылығынан кетеді


Владимир Путин "Единая Россия" партиясының мүшелерімен кездесуде. Мәскеу, 24 сәуір 2012 жыл.

Владимир Путин "Единая Россия" партиясының мүшелерімен кездесуде. Мәскеу, 24 сәуір 2012 жыл.

Ресейдің жаңа сайланған президенті Владимир Путин билеуші "Единая Россия" партиясының басшылығынан кететінін мәлімдеді.

Мәскеуде партия мүшелерімен кездескен Путин "Ресей президенті ешқандай партияда болмауы тиіс" деді. Ол 7 мамырда болатын инаугурациядан кейін жетекшілікті келесі премьер-министр болады делінген Дмитрий Медведевке табыстау ойы барын айтты.

"Единая Россия" Владимир Путин екі мерзім президент болған 2000-2008 жылдар аралығында саяси сахнада басымдыққа ие болды. Ал 2008 жылдан бері - Медведев президент болған өткен төрт жыл бойына партияны Путин басқарды.

2011 жылдың желтоқсанында болған парламент сайлауында "Единая Россия" небәрі 47 пайыз дауыс жинаған. Оппозиция "сайлау әділ өтпеді" деп наразылық танытып, партияны "ұрылар мен алаяқтардың партиясы" деп айыптады.
XS
SM
MD
LG