Accessibility links

Жаңаөзен абақтысының бастығына қарсы сот басталды


Сәрсенбі, 25 сәуірде Ақтаудың мамандандырылған ауданаралық сотында Жаңаөзен қаласының уақытша тергеу изоляторының бастығы Жеңісбек Теміровтің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот басталды деп хабарлайды сотқа қатысып жатқан Азаттық тілшісі.

Теміровке қылмыстық кодекстің 308 бабының 2 және 4 тармақтары бойынша "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айып тағылған.

Жеңісбек Теміровтің үстінен 25 қаңтарда 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен толқуы кезінде тұтқындалған Базарбай Кенжебаевты абақтыда заңсыз ұстап, дер кезінде ауруханаға апармағаны үшін іс қозғалған болатын. Базарбай Кенжебаев уақытша оқшаулау изоляторында алған соққылардың кесірінен қайтыс болған еді.

Базарбай Кенжебаевтың қызы Әсем Кенжебаева кейін Теміровтің үстінен шағым түсірген болатын.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG