Accessibility links

"Сопылар ісі" бойынша сот үкімі 4 мамырға қалды


"Сопылар ісі" бойынша сотталған Саят Ыбырайдың қорғаушысы Шынқуат Байжанов.

"Сопылар ісі" бойынша сотталған Саят Ыбырайдың қорғаушысы Шынқуат Байжанов.

Сәрсенбіде Алматы қалалық сотында "Сопылар ісіне" байланысты кассациялық алқа отырысын әрі қарай жалғасты деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Шағымды қараған кассациялық алқа төрағасы Ерден Әріпов сот отырысын 4 мамырға қалдырды. "Сопылар ісі" бойынша сотталған Саят Ыбырайдың қорғаушысы Шынқуат Байжановтың айтуынша, "қорғаушылар алғашқы инстанцияда заң бұзылғанын құжаттармен дәлелдеген".

"Бүгін заңсыз қабылданған сол үкімді судья кері қайтаруы тиіс еді. Бірақ қайтармай, 4 мамырға дейін созып отыр. Бұл бізде күдік туғызып отыр" дейді адвокат Байжанов.

Кассациялық шағым бойынша соттың алғашқы отырысы 20 сәуірде өткен.

2011 жылдың қазанында Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық соты "Сопылар ісі" бойынша тоғыз адамды 2 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарған болатын.
XS
SM
MD
LG