Accessibility links

Ахмедьяровты емдеуге қаржы жиналады


"Уральская неделья" газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяров.

"Уральская неделья" газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяров.

"Уральская неделья" газетінің редакциясы қарулы қастандық жасалған журналисі Лұқпан Ахмедьяровты емдеуге қаржы жинау үшін арнайы есеп шот ашты. Есеп шот емделуі қиын балаларға қаржы жиналатын "Жұлдыз" қайырымдылық қорында ашылған.

Лұқпан Ахмедьяровқа 19 сәуір күні кешқұрым Оралда, үйінің алдында қарулы қастандық жасалған болатын. Ол ауыр халде ауруханаға түскен. Дәрігерлердің айтуынша, қазір денсаулығы жақсарып келеді. Қастандыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Журналист "қастандық сыни мақалаларым ұнамағандардың тапсырысымен жасалды" деп санайды.
XS
SM
MD
LG