Accessibility links

Ақтаудағы сотқа АҚШ елшілігінің өкілі барды


"Жаңөзен оқиғасы" бойынша жәбірленушілер Әсем Кенжебаева (сол жақта) мен Юрий Кәменов (оң жақта). Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.

"Жаңөзен оқиғасы" бойынша жәбірленушілер Әсем Кенжебаева (сол жақта) мен Юрий Кәменов (оң жақта). Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.


Қазақстандағы АҚШ елшілігінің маманы Эрик Лидербах бүгін Ақтау қалалық сотында өтіп жатқан Жаңаөзен қаласы уақытша қамау изоляторының (УҚИ) бұрынғы басшысы Жеңісбек Теміровке байланысты сот отырысына қатысып отыр.

Ол Азаттық тілшісіне «Кеше Шетпе сотына қатыстым, бүгін осы сотты көрейін деп келдім. Мұндай соттың ашық өтуі және оған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуы өте маңызды» деді.

Жаңаөзен УҚИ-інің бұрынғы басшысы Жеңісбек Теміровке 2011 жылы желтоқсанның 16-сы, Жаңаөзен оқиғасы кезінде тұтқындалған Базарбай Кенжебаевтың уақытша оқшаулау абақтысында ауыр соққы алып, қаза табуына байланысты қылмыстық кодекстің 308-бабының 2 және 4-бөлімдері (билігін немесе қызмет өкілетін асыра пайдалану) бойынша айып тағылған болатын.
XS
SM
MD
LG