Accessibility links

Абхазия ЕО дипломатымен араздасты


Абхазия президенті Александр Анкваб инаугурация кезінде ант беріп тұр. Сухуми, 26 қыркүйек 2011 жыл.

Абхазия президенті Александр Анкваб инаугурация кезінде ант беріп тұр. Сухуми, 26 қыркүйек 2011 жыл.


Кеше Абхазия Еуропа Одағының Грузиядағы миссиясының басшысы Анджей Тышкевичке қатысты мәлімдеме жасады. Онда Тышкевичтің бұдан былай Абхазияға кіруге тыйым салынған тұлғалар тізіміне кіргені айтылды. Абхазияның сыртқы істер министрлігі «Польшадан шыққан дипломат Абхазия халқын сыйламады, мемлекеттің өтінішін елемеді» деп мәлімдеді.

ЕО мен ЕҚЫҰ бақылаушылар командасы ресейлік, грузиялық және абхазиялық шенеуніктермен осы аймақтағы саяси шиеленісті шешу үшін ай сайын кездесу өткізіп тұрады. Абхазиялық шенеуніктер сәуірдің 24-і өткен кездесуге қатысудан бас тартты.

Абхазия 1990 жылдардың басында Грузиядан тәуелсіздік алып, бөлініп шықты. 2008 жылы болған Ресей мен Грузия арасындағы қақтығыстан кейін Ресей Грузия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындаған болатын.
XS
SM
MD
LG