Accessibility links

Ресейде күдіктілерді азаптаған полицейлер ұсталды


Полиция бір азаматты тұтқындап жатыр. Ресей, Мәскеу, 19 сәуір 2012 жыл.

Полиция бір азаматты тұтқындап жатыр. Ресей, Мәскеу, 19 сәуір 2012 жыл.


Ресейде абақтыдағы күдіктілерді электр тоғымен ұрып және тұншықтырып азаптаған Сібір полициясының әрекеттері тексеріліп жатыр. Бұрынғы бір офицер мен қазір жұмыс істеп жүрген төрт полицей соңғы үш жыл бойы тұтқындардан азаптау арқылы жауап алып келген деген күдікке ілінді.

Ал кеше Екатеринбург қаласының екі полицейі күдіктілерді ұрып-соқты деген айыппен тұтқындалды.

Тұтқындарды азаптау туралы хабарлар Қазан қаласында наурыз айында болған жанжалдан кейін көбейіп отыр. Қазан абақтысында қайтыс болған бір тұтқын "полицейлердің ұрып-соғуынан, шампан бөтелкесімен зорлауынан кейін мерт болды" делінген еді.
XS
SM
MD
LG