Accessibility links

Еуропарламент президенті Украина билігін сынады


Украина парламентінде ілінген плакат. Киев, 24 ақпан 2012 жыл.

Украина парламентінде ілінген плакат. Киев, 24 ақпан 2012 жыл.


Еуропарламент президенті Мартин Шульц кеше Украина билігінің бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконы түрмеге қамап отырғанын сынады. Ол «өткен аптада Тимошенконы түрмеде ұрып-соқты деген хабарлардың түскенін, егер бұл ақпараттар рас болса, Украинаның атына кір келетінін» айта келіп, «Ондайға мүлде жол берілмеуі керек» деп мәлімдеді.

Кеше кешкісін Шульц Брюссельде Украинаның премьер-министрі орынбасары Валерий Хорошовскиймен кездесуі керек болатын. Шульц «кездесу кезінде Киевтің әрекеттеріне наразылығымды айтамын» деген болатын.

Тимошенконың адвокаттары оның ұрып-соғу мен мәжбүрлеп емдеуге қарсы 20 сәуірде аштық жариялағанын айтады. Түрме әкімшілігі бұл ақпараттарды жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG