Accessibility links

Египеттің бұрынғы премьері президент сайлауына түседі


Египеттің бұрынғы премьер-министрі Ахмед Шафик. 10 наурыз 2012 жыл.
Египеттің бұрынғы премьер-министрі Ахмед Шафик. 10 наурыз 2012 жыл.

Египеттің сайлау комиссиясы бұрынғы премьер-министр Ахмед Шафикті мамырда өтетін президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді.

Ахмед Шафик президент сайлауынан шеттетілген болатын. Себебі бұл елде билік жүргізіп отырған әскери кеңес бұрынғы президент Хосни Мүбәрәк тұсында үкімет құрамында болған шенеуніктерді сайлаудан шеттетін заң шығарған.

Ахмед Шафик Египеттің премьер-министрі болып 2011 жылы қыста тағайындалған еді.

Шафик сайлаудан бұл шешімнің конституцияға сәйкеспейтінін дәлелдеп шықты. Сайлау комиссиясы айтылған заңды жоғарғы конституциялық кеңестің қарауына жіберді. Жақын күндері Египетте президент сайлауына түсетіндер тізімі бекітілуі тиіс. Сайлау мамырдың 23-і мен 24-і күндері өтеді.
XS
SM
MD
LG