Accessibility links

Мәскеудің Бішкекке тегін көмек бергісі келмейді


Токтогул қаласының маңындағы "Қамабарата-2" су электр станциясының құрылысы. 30 тамыз 2010 жыл

Токтогул қаласының маңындағы "Қамабарата-2" су электр станциясының құрылысы. 30 тамыз 2010 жыл

Eurasia View («Еуразия Вью») басылымы сәуірдің 25-і күні Қырғызстан мен Ресей арасындағы келіспеушілік жайлы мақала басты. Басылымның жазуынша, екі ел арасындағы шиеленісті қарым-қатынасқа саясаттан гөрі экономикалық мәселелер көбірек әсер етіп тұр.

Eurasia View басылымының жазуынша, Қырғызстан мен Ресей соңғы айларда бірқатар экономикалық мәселелер бойынша келісе алмай жатыр. Екі ел арасында Қырғызстандағы Нарын өзенінде орналасқан «Қамбарата-1» гидроэлектр станциясының құрылысы мен «Дастан» торпедо зауытына ивестиция салу мерзіміне қатысты дау туған. Бұл екі нысан да Қырғызстан үшін стратегиялық жағынан өте маңызды.

ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУДЫҢ БІР ЖОЛЫ

Әуелгі келісім бойынша «Қамабарата-1» 1.9 гигаватт қуат өндіретін болып жоспарланған. Алайда EurasiaNet веб-сайтының зерттеуінше, осы жобаны қолға алған ресейлік Inter RAO компаниясы бұл су электр станциясының жылдық қуатын 800-900 мегаваттқа ғана лайықтап жасамақшы. Одан бөлек Ресей жағы «Қамбарата» мен «Дастанның» 75 пайыз акциясын иемденгісі келеді. Бұған дейін Мәскеу тарапы екі жоба бойынша да жартысынан аз акция иемденуге келіскен тұрған болатын деп жазады басылым.
Қырғызстан президенті кезінде Роза Отунбаева "Қамабарата-2" ГРЭС-інің құрылысын көріп тұр. 30 тамыз 2010 жыл

Қырғызстан президенті кезінде Роза Отунбаева "Қамабарата-2" ГРЭС-інің құрылысын көріп тұр. 30 тамыз 2010 жыл


Мақала авторының пайымдауынша, Қырғызстан басшылары бұл жолы Ресей шартына көнбейтін сияқты. Қырғыз премьер-министрі Өмірбек Бабанов «Коммерсант» газетіне сәуірдің 16-сы күні «ресейліктер міндеттемелерін орындамай отыр» деп сұхбат берген.

Басылым осы мәселеге орай Бішкектегі Ресей елшісі Евгений Терехиннің де пікірін берген. «Елдің бәрі үлкен орыс аюы алақандай Қырғызстанды жұтып қоймақшы дегенде, мәселені толық түсінбегеннен айтады. Бұл екі жоба да бір шетінен Қырғызстанның Ресейге қарызын қайтаруы үшін жасалып жатыр. Мысалы, «Қамбарата» ГРЭС-іне салынатын инвестиция бір жағынан Қырғызстанның 180 миллион қарызын жабады» деп түсіндірген Ресей елшісі.

ҰЛТШЫЛДЫҚ ТОЛҚЫНЫ

Терехиннің айтуынша, Қырғызстанның саяси жетекшілері мен БАҚ-тары «Қамбарата» келісіміне қатысты ақпаратты бұрмалап жатыр. Ол «Қамбарата жобасы пайда таба бастаған соң, Ресей акцияның 25 пайызын қырғыз үкіметіне қайтарып береді. Солайша екі жақтың үлесі тең болады» деп мәлімдеген.

Мақала авторының сараптауынша, салынып бітпеген су электр станциясының пайдасы ресейлік компания үшін өте маңызды. Жауапты компания ГРЭС-ті барынша шағын етіп салғысы келеді. Энергетик мамандар станция неғұрлым шағын болса, соғұрлым үнемді, әрі өміршең болады және ұзақ мерзім табыс кіргізіп тұрады деп дәлелдеуге тырысады. Алайда Қырғызстан басшылары жобаның барынша ірі болуын дұрыс көреді және болашақта да жаңа жобалар салынғанын қалайды.
Бұл жобаларға Қырғызстанның қосатын үлесі – «өзен суы мен жағасы ғана».
Мақала авторына Ресей елшісінің берген ақпараты бойынша бірінші станцияның құны 2 миллиард АҚШ доллары деп бағаланса, екінші жобаның құны шамамен 4-5 миллиард долларға жетіп жығылады. Бұл жобаларға Қырғызстанның қосатын үлесі – «өзен суы мен жағасы ғана». Осы себепті Ресей компаниясы «Қамбарата» акциясының 75 пайызын сұрап отыр.

Ресей елшісінің пікірінше, Қырғызстандағы ішкі саяси ахуал Қырғыз үкіметінің келіссөзді жұмсақ жағдайда жүргізуіне кедергі келтіріп тұрған тағы бір фактор. «Қырғызстанда ұлтшылдық толқынының күшейіп келе жатқаны ешкімге де құпия емес. Мұндай толқынды басып отыру президент түгілі, Құдайдың өзіне оңай емес» деген Ресей елшісі.
XS
SM
MD
LG