Accessibility links

Тимошенконы қолдаған Германия президенті Украинаға бармайды


Германия президенті Йоахим Гаук баспасөз мәслихатында сөйлеп тұр. Брюссель, 17 сәуір 2012 жыл.

Германия президенті Йоахим Гаук баспасөз мәслихатында сөйлеп тұр. Брюссель, 17 сәуір 2012 жыл.


Германия президенті Йоахим Гаук қамауда отырған бұрынғы премьер Юлия Тимошенконың денсаулығы мен оны ұрып-соғу туралы ақпараттар шыққандықтан, Украинаға жоспарлап отырған сапарын кейінге қалдырды.

Йоахим Гаук бұл елге мамыр айында ресми сапармен келуі керек болатын. Президенттің ресми өкілі Гауктің Орталық Еуропа мемлекеттері басшыларының Ялтадағы кездесуіне бармайтынын мәлімдеді. Ақпарат бойынша, президент мұндай шешімді Германия канцлері Ангела Меркельмен кеңесіп қабылдаған.

2011 жылы қазан айында Тимошенкоға билігін асыра пайдаланды деген айып тағылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Қазір оған «салықтан жалтарды» деген тағы бір айып тағылып, жаңа іс қозғалды. Ақпараттар бойынша, 20 сәуірде ол өзін ұрып-соғу мен мәжбүрлеп емдеуге қарсы түрмеде аштық жариялаған. Тимошенконың сотталуы Украина мен Евроодақ арасындағы қарым-қатынастарды шиеленістіріп жіберді.
XS
SM
MD
LG