Accessibility links

БҰҰ мен АҚШ Сирия билігінен әскерді шығаруды талап етті


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун бейсенбіде Сирия үкіметінен қалалардан әскер мен әскери техникаларды дереу шығаруды талап етті. Пан Ги Мун Сирияға барған халықаралық бақылаушылардың халық тығыз қоныстанған аудандарда әскер мен ауыр артиллерияның әлі де жүргені туралы таратқан хабарларына алаңдаушылық білдірді

Бейсенбіде АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Сьюзан Райс Сирия билігін Хама және басқа да қалаларда ауыр артиллерияны жиі қолданып жатқаны үшін айыптаған.

Райс бұған қоса Башар әл-Асад билігін Кофи Аннан ұсынған қақтығысты реттеу жоспарын орындаудан бас тартқаны үшін айыптады. Ол "Егер жағдай оңалмаса, АҚШ БҰҰ қауіпсіздік кеңесінен Сирияға қарсы санкциялар салуды қайта сұрайды" деп ескертті.
XS
SM
MD
LG