Accessibility links

Янукович Тимошенконы ұрып-соғу жайын тексеруге бұйырды


Украина президенті Виктор Янукович.

Украина президенті Виктор Янукович.

Украина президенті Виктор Янукович елдің бас прокурорына сотталған бұрынғы премьер Юлия Тимошенконы түрме қызметкерлері ұрып-соқты деген ақпаратты тексеруге бұйрық берді.

Тимошенко түрмеде өзін мәжбүрлеп емдеу мен ұрып соғуға наразылық танытып, 20 сәуірден бері аштық жариялап жатыр.

Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон "ұрып-соғуға қатты алаңдап отырғанын" айтып, Киевтен Юлия Тимошенконың денсаулығын тексеруге ЕО елшісін және тәуелсіз дәрігерлерді жіберуге рұқсат етуді сұрады.

Ал Германия президенті Йоахим Гаук Юлия Тимошенконы түрмеде ұрып-соқты деген ақпараттан кейін мамыр айында Украинаға жоспарлаған сапарын кейінге қалдырған болатын.

2011 жылы қазан айында Тимошенкоға билігін асыра пайдаланды деген айып тағылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Қазір оған «салықтан жалтарды» деген тағы бір айып тағылып, жаңа іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG