Accessibility links

Жаңаөзен оқиғасы бойынша полицейлер соты басталды


Ақтау қаласында Жаңаөзен оқиғасы бойынша "полицейлер сотына" келе бастаған жұрт. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.

Ақтау қаласында Жаңаөзен оқиғасы бойынша "полицейлер сотына" келе бастаған жұрт. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.

Жұма, 27 сәуірде Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жаңаөзен оқиғасы кезінде «билігі мен лауазымдық қызметін асыра пайдаланды» деп айыпталған полицейлердің үстінен сот басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Істі Ақтау қалалық сотының судьясы Гүлмаржан Әділ Сұлтани қарап жатыр.
Бұл іс бойынша бес айыпталушы полицей бар. Олар: Маңғыстау облыстық және Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының өкілдері Қабдығали Өтеғалиев, Бекжан Бағдабаев, Ерлан Бақытқалиұлы, Ринат Жолдыбаев және Нұрлан Есберген.
Оларға «адам өліміне әкеп соққан қару-жарақ қолданып, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды» деген айып (қылмыстық кодекстің 308 бап, 4 бөлім, «б» пункті) тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG