Accessibility links

Қазақстанда бүгін "қарсылық жиыны" акциялары өтеді


Алматыдағы "Қарсылық жиынын" бақылап тұрған арнайы әскери қызметкерлері. Алматы, 25 ақпан 2012 жыл.

Алматыдағы "Қарсылық жиынын" бақылап тұрған арнайы әскери қызметкерлері. Алматы, 25 ақпан 2012 жыл.

Бүгін, 28 сәуірде Қазақстан бойынша оппозиция ұйымдастырған "қарсылық жиыны" деп аталған наразылық шаралары мен акциялар өтеді.

Қаңтардан бастап әр айдың соңында өткізіліп келе жатқан митингі бұл жолы Алматы мен Өскемен қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Алматыда "қарсылық жиынына" келетіндер сағат 12-де Абай ескерткішінің жанына жиналады деген ақпарат бар.

Ал Астанада сағат 11-де мемлекеттік рәміздер алаңында 2011 жылы 16-17 желтоқсанда Маңғыстау облысындағы оқиғаларда құрбан болғандарды еске алып, гүл қою рәсімі өтеді деген хабар бар.

Қарағандыда "Шалқыма" концерт залында коррупцияға қарсы сенбілік өтпек. Наразылық акциялары Қостанай, Семей, Орал, Қызылорда, Павлодар, Шымкент, Ақтөбе және Талдықорған қалаларында да өтеді деп жоспарланған.

Оппозиция "биліктің бассыздығына, кедейлік пен әділетсіздікке, коррупцияға қарсы шығып, саяси тұтқындарды босатуды, Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотты тоқтатуды" талап етпек.

Алғаш қаңтардың 28-інде өткен "қарсылық жиынын" 2012 жылғы қаңтардың 15-інде өткен парламент сайлауының нәтижесіне наразылық танытқан "Азат" ЖСДП ұйымдастырған болатын. Содан бері Қазақстанның ірі қалаларында әр айдың соңғы сенбісінде митингілер мен наразылық акциялары өтіп келеді.

Азаттық радиосы Алматыда болатын митингіден тікелей твиттер-трансляция жүргізіп, хабарлап отырады.
XS
SM
MD
LG