Accessibility links

Днепропетровскіде төрт жарылыс болды


Днепропетровскідегі жарылыс. 27 сәуір 2012 жыл.

Днепропетровскідегі жарылыс. 27 сәуір 2012 жыл.

Сәуірдің 27-сі күні Украинаның Днепропетровск қаласында төрт жарылыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, жарылыстан 27 адам жапа шеккен.

Алғашқы жарылыс Опера театры маңындағы трамвай аялдамасында болған. Трамвайдың үш жолаушысы жараланып, сол маңдағы көліктердегі бірнеше адамға жарықшақ тиді.

Бірнеше минуттан соң Днепропетровскінің орталығында - "Родина" кинотеатры маңында, Серов көшесі мен Карл Маркс даңғылында тағы үш жарылыс болды.

Төрт жарылыста да жарылғыш құрал іске қосылған. Оқиғаның анық-қанығын полиция тексеріп жатыр.
XS
SM
MD
LG