Accessibility links

Киевте Тимошенконың босатылуын талап етті


Киевте Юлия Тимошенконың босатылуын талап еткен митингі. Украина, 27 сәуір 2012 жыл.

Киевте Юлия Тимошенконың босатылуын талап еткен митингі. Украина, 27 сәуір 2012 жыл.

Киевте оппозицияны қолдаған мыңдаған адам түрмедегі бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконың босатылуын талап етіп, митингіге шықты.

Демонстранттар қаланың орталығымен шерулетіп, Тәуелсіздік алаңына жиналды. Олар Юлия Тимошенконы дереу босатуды және президент Виктор Януковичтің отставкаға кетуін талап етті.

Акцияға қатысушылар бұған қоса Тимошенконы өткен аптада абақтыдан ауруханаға шығарған кезде ұрып-соққаны туралы ақпаратты егжей-тегжейлі және шынайы тексеруді де талап етті. Шерушілер оппозициялық партиялар мен қозғалыстардың "Украинада қуғын-сүргінге жол жоқ" деген ұранын көтеріп шықты.

2011 жылы қазан айында Юлия Тимошенко "билігін асыра пайдаланды" деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Қазір оған «салықтан жалтарды» деген тағы бір айып тағылып, жаңа іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG