Accessibility links

Днепропетровскіде қауіпсіздік күшейтілді


Днепропетровскідегі жарылыста жараланған әйел. Украина, 27 сәуір 2012 жыл.

Днепропетровскідегі жарылыста жараланған әйел. Украина, 27 сәуір 2012 жыл.

Украинаның Днепропетровск қаласында 27 сәуірде болған төрт жарылыстан соң қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Трамвай аялдамасының, кинотеатр мен парктің жанында болған жарылыстардан 27 адам зардап шеккен болатын. Полицияның мәлімдеуінше, төрт жарылыста да жарылғыш құрал іске қосылған.

Украинаның ішкі істер министрі Виталий Захарченко Днепропетровск қаласына барып, тергеу жұмыстарын бастады.

Жарылыстарға жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Президент Виктор Янукович жарылыстарды тексеру үшін арнайы тергеу тобын құрды.
XS
SM
MD
LG