Accessibility links

Доминик Стросс-Кан бәсекелестерін айыптады


Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Кан Guardian ("Гардиан") газетіне сұхбат беріп, Нью-Йорк қонақ үйіндегі қызметші әйелмен кездесуінің қоғамдық жанжалға айналып кеткеніне саяси бәсекелестерін айыптады.

Доминик Стросс-Кан өткен жылы "әйел зорлады және жыныстық бопсалау жасады" деген айыппен тұтқындалып, қызметінен кеткен. Ол осының салдарынан Францияда президенттік сайлауға да түсе алмаған.

Соған қарамастан, оған тағылған айып қызметші әйелдің тергеуде берген жауабына сенімсіздік білдірілгендіктен тоқтатылған болатын. Қазір жәбірленген әйел Стросс-Канға қарсы азаматтық шағым түсірді.

Ал Доминик Стросс-Кан тұтқындалған кезде саяси қорғаныш құқығы болғандықтан өзіне қарсы істі тоқтатуды талап етеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG