Accessibility links

"Алға" партиясының жүргізушісі ұсталды


Бүгін таңертең Алматыда "Қарсылық жиыны" митингісі өтетін күні оппозициялық тіркелмеген "Алға" партиясының жүргізушісі Асылбек Тоғабаевты ұстады. Бұл туралы Азаттық радиосына партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция Тоғабаевты Талғардан Алматыға келе жатқан жерінен ұстап, Талғар аудандық ішкі істер басқармасына әкелген. Көлігінен митингіге қажетті жалаушалар, плакаттар мен фотосуреттер тапқан.

Бүгін оппозиция Қазақстанның 11 қаласында "Қарсылық жиыны" деп аталатын наразылық шаралары мен акциялар өткізуді жоспарлап отыр. Алматыда "Қарсылық жиыны" митингісін өткізетіндер сағат 12-де жиналмақ.
XS
SM
MD
LG